Бақыт гүлін терген күн

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

үрг. : 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен -- Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр -- Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.
IІ жүрг. : Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне -- 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде -- 70 жыл.
70 жыл -- бейбіт көктем таңы атқалы,
70 жыл -- шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл -- жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.
Ән "Ақ көгершін"
Қазақ биі
Шашу шашылады.
І жүрг. :
Сен неткен Отан -- анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер Ұлы Отаным -- қазақ елім.
IІ жүрг. :
Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім, кием-дағы,
Айбардың айтсын сөзді адасқанға.
Ән: "Қазақстаным"
1 жүргізуші:
Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.
Көктем шуақ - Тоғызыншы май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

2 жүргізуші:
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы Тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
Міне, ата - бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Ө

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: