Байқоңыр – байтақ байлығымыз.
зақ жерінен ұшқан алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин есімі дүниені дүр сілкіндірді. Ғарышты адамзат баласының шрлауына жол ашты. Содан бері дүние жүзінің 270-тен астам адамы ғарышкер-ұшқыр және астронавт атақтарына ие болыпты.
Ал 1991 жылдың 2-қазанында ғарышқа көтерілген тұңғыш қазақ перзенті Тоқтар Әубакіровтің есімімен қазақ космонавтика дәуірі ашылды. Екінші ғарышкер Талғат мұсабаев ғарыштағы «Мир» орбиталық бекетін де 1994 жылы 176 тәулікке, 1998 жылы 194 тәулікке, созылған сапарын жасады. Ол сондай-ақ бекеттен ғарыш тұңғиығына шығып, түрлі тәжірибе жасап, «Мирді» апаттан аман алып қалу жөнінде дүниежүзілік рекорд көрсетті. Сөйтіп, бұл жетістікте, Гиннес кітабына тіркелді.
1991жылдың 31-тамызында Байқоңыр ғарыш кешені Қазақстанның меншігі болып жарияланды. Дегенмен, 24 миллиард долларға бағаланатын алып ғарыш кешенін бір Қазақстанның өзіне игеріп, ұстап тұру оңай соқпасы белгілі. Сол себептен, Байқоңыр ғарыш кешені 1991 жылдың тамызында Рессейге 20 жылға жалға беріліп, 2005 жылы жалға берілу мерзімі2050-жылға дейін ұзартылды. Бірақ, бұл Байқоңыр айлағын Ресейге беріп қойып, екі қолды қалтаға салып қарап отырамыз деген сөз емес. Олармен бірлесіп, тереземізді тең ұстап, ғарыш айлағын бірге пайдалану деген сөз.
Соның айқын айлағындай, 2005 жылы еліміз «Қаз Сат» атты тұңғыш ғарыш серігін жұлдызды аспанға самғатты. Сөйтіп, Қазақстан да әлемдегі санаулы ғарыштық ержавалардың біріне айналды.
Страницы: 1