Ақмола облысы
Егіндікөл ауданы
Көркем ауылы
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
«Көркем негізгі мектебі» КММ
Зерттеменің авторы:
Муканова Ризвангуль Жумабаевна
Мектеп психологы
Баяндама тақырыбы:
«Білім сапасын арттыру жолындағы инновациялық технологияларды пайдаланып оқытудың психологиялық ерекшеліктері»
Көркем ауылы 2014ж
БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
"Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік
туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі"
Питер Клайн
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт ала бастағаны белгілі. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістер мен жаңа инновациялық технологиялардың кеңінен қанат жая бастағандығынан бастау алып отыр.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық әдістемесін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Инновациялық оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.
Инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея. Майлс Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.
- Инновациялық оқыту:оқушының мүмкіндігі мен шамасына қарай шығармашылық ойлауға, іс-әрекет
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>