БАЯНДАМА: "Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы"
"Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі"
Ата-ананың мектептегі алатын орны. Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.
Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" делінген. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.
Мақсаты: Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Сынып жетекшінің атқаратын міндеті;
Ата-ананың атқаратын міндеті;
Бірлесіп жасалатын жұмыс, күтілетін нәтиже;
Сынып жетекшінің міндеті:
1. Ата-аналармен тығыз байланыста болу;
2. Оқушыларды, ата-аналарды сыныптық және қоғамдық ұжымдардың іс-шараларына тарту;
3. Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан-жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту;
4. Тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу;
5. Ата-аналар комитетімен кездесу;
6. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету;
7. Өз сыныбында сабаққа қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс;
8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау.
3. Ата-ананың міндеті:
1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>