Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас. Таным. Шығармашылық.
Кіші сала: Көркем әдебиет. Мүсіндеу
Тақырыбы: Бауырсақпен орманға саяхат
Мақсаты: Балалардың бауырсақ ертегісі мен саяхат жасата отырып ертегіде кездескен бауырсақ пен аңдар арасындағы қиыншылықтар жұптаса көмектесіп орындатуға үйрету. Балаларға дәстүрлі емес әдіс - тәсілдермен жұптаса орындату барысында сөйлеу арқылы тілдік қорларын молайту. Ойлау қабілеттерін қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін нығайту. Еңбекқорлыққа, достыққа, кішіпейілділікке мейірімділікке тәрбиелеу. Алақан арасына салып домалақтау тәсілін үйрету. Пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: тақтайша, ермексаз, сүрткіш, үлгі мүсін, геометриялық пішіндер,бауырсақ ертегісінің макеті.
Қос тілдік компоненті: Бауырсақ - Колобок, орман-лес.
Ынталандыру-оятушы кезең. Балалар таңғы шеңберге тұрып бір-біріне сәттілік тілейді.
Мына сұлу әлемде,
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді.
Тосын сый: Бауырсақ кіреді, амандасады.
Оқу іс-әрекетінің барысы
Қане балалар енді орнымызға отырып, бүгін қандай ертегі кейіпкерімен орманға саяхат жасайтынымызды білу үшін сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
1. Өзі қу, жүрген жері айқай - шу. (түлкі)
2. Далада жұр шапқылап, керемет тым саққұлақ,
Тек есектен басқа да, оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян)
3. Ит сияқты пішіні, ұнатпайды ол кісіні. (қасқыр)
4. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. (аю)
5. Өзі қып-қызыл болып піседі
Күнге ұқсас келеді. (бауырсақ))өте Сонымен балалар, бұл кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі екен?
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы бізге қарай домалап біреу келе жатыр. Бұл кім болды екен.
Бауырсақ:Ля-ля мен Бауырсақпын. <
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>