пейілділік танытқан кездеріңді есіңе түсір. Сол кезде қандай күйде болғаныңды сипаттап жаз.
3-тапсырма. «Бауырмалдық» шешу.
Басқаға тек жақсылық ойлау, игілік жасау. (Мейірбандық)
Әкенің әкесі. (Ата)
Бірге туған қандас, ағайындас, туыстас байланыс. (Бауыр)
Бір әкеден жаралған ағалы-інілер. (Ағайын)
Біреудің қамын ойлайтын, тірек болатын адам. (Қамқор)
Берегегендік, қолы ашықтық, дархандық, кеңдік қасиет. (Жомарттық)
Адам мінезіндегі кеңпейілдік, байсалдылық. (Дархандық)
Адам бойындағы мәдениеттіліктің белгісі. (Әдептілік)
Ұрпақтан-ұрпаққа көшетін, әдетке айналған салт-сана, ғұрып. (Дәстүр)
Адамдардың тату-тәттілік, ынтымақтастық, ұйымшылдық көрсетуі. (Ауызбірлік)
Адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы, бір-біріне қамқорлығы. (Татулық)
Топпен ән айту.
«Ақ көгершін», «Алға , Қазақстан»
Үй тапсырмасы.
52 – беттегі мәтінді оқып келу.
Соңғы тыныштық сәтi.
Ал, енді, оқушылар, бүгінгі сабағымыздан алған әсерлеріңді, көңілге түйген ойларыңды мына жүрекшелерге жазыңыздар!
Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір
Қазақ осы — аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы — ағыл-тегіл көл-көсір
Қазақ осы — дала дейтін, күн дейтін
Қазақ осы — өнер алды тіл дейтін
Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Бауырмалдық
Кеңпейілділік
Страницы: << < 1 | 2 | 3