Баскетбол

Страницы: 1 | 2  >  >>

Спорттық ойындар бөлімі / баскетбол / мерзімі:
Сабақтың негізгі мақсаты: Баскетбол ойын тарихын, оң және сол қолмен допты алып жүгіру әдістерін меңгерту, допты алып жүгіру, кедергілердің арасынан өту, тосқауылдан кідіріссіз өтіп шығу барысында оқушының әдіс-тәсілдерін ептілік пен икемділік қасиеттерін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ұжымдық қасиеттерін дамыту және ынтымақтастық тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, ассоциация, топтық жарыс.
Көрнекіліктер: проектор,видео,слайдтар,үлестірме қағаздар.
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,сабақты даярлау.
Баскетбол тарихына шолу жасау.
Баскетбол ойыны АҚШ-та жүз жылдай бұрын пайда болған. Ол кезде допты торға емес тоқылған әдеттегі сетке (кәрзіңкеге) лақтырып түсірген. Осыдан барып ойынның аты шыққан екен: "баскет"-ағылшын тілінен аударғанда "себет" ("кәрзіңке"), "бол" - "доп". Осы бір әлемге кең тараған ойынмен айналысу арқылы денсаулық нығаяды, жүректің қан тамырлары мен өкпенің жұмысы жақсарады, шыдамдылық пен икемділік дамиды. Баскетболмен денсаулығында ақауы жоқ адамдардың бәрі де айналыса алады. Қазақстанда баскетболдан І жарыс спартакиада деңгейінде 1928 жылы өтті. Ол халықаралық жарыс темір жол мектептері командаларының арасында республикалық сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында және Ташкентте өткендігі тіркелген. 1947 жылы КСРО чемпионатында Қазақстанның ерлер командасы құрметті алтыншы орынға , ал әйелдер командасы төртінші орынға көтерілді. 1948 жылы Орта Азия және Қазақстан командалары арасындағы жарыстарда алматылықтар алда болды.
Үй тапсырмасын сұрау.
Допты жоғарыдан беру
Допты жерге ұрып беру
Видео көрініс арқылы көріністер беріліп, бұл не нәрсе екенін еске түсіру.

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: