Музыка Сыныбы 5
Тоқсандық тақырыбы: Ғасырлармен сырласқан сазды аспаптар.
Сабақтың тақырыбы: Бажқұрт халқының мақтанышы болған қурай аспабы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні : Музыкалық аспаптармен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың жан - жақты білімдерін арттыру.
Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы ұлттық өнерді танып, білуе тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,сынып оқушыларын түгендеу,сабақтың мақсатын түсіндіру,
II. Үй тапсырмасы: Көнеден жеткен аспаптар.
III. Жаңа сабақ: Қурай аспабы.
IV. Қорытындылау.
V. Үйге тапсырма.
VI. Бағалау.
Сабақтың барысы:
Сыбызғы - кең таралған үрмелі аспаптардың ең көне түрі. Бұл аспапта көбіне бақташылар мал бағып жүрген кезде жалғыздықты жеңу үшін ойнаған, ал кешкілік уақытта сыбызғы жыр-аңыздарды сүйемелдеуге пайдаланылған. Сыбызғы аспабын көкқурай, қарақурай, таңқурай т. с. с. қуыс талдардан қурайын жасап, оған үштен жетіге дейін саңылау ойған. Қурай ағашы жарылып кетпеу үшін оның сыртын мал ішегімен не өңешімен қаптаған. Бұл әдіс аспап үнінің таза әрі ұзақ сақталуымен қатар, аспаптың жауын-шашынға төзімді болуы үшін пайдаланылған. Аспаптың жалпы ұзындығы 70-75 см болып келеді. Сыбызғы аспабын жасау оңай әрі тез болғанына қарамастан, аспапта ойнау өте күрделі. Әдетте сыбызғы аспабында орындалатын күйлер екі дауысты болып келеді. Бір дауыс орындаушы дыбысы болса, екінші дауыс аспаптан шығады.
Сыбызғының үш түрі бар: I. Жез сыбызғы II. Ағаш сыбызғы III. Қурай сыбызғы. Қурай көпке дейін шыдамағандықтан әрі дыбыс қуатын жан-жақты дамыту үшін сыбызғы аспабын ағаштан
Страницы: 1 | 2 > >>