Күні:
Білім беру саласы: "Коммуникация"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Көркем әдебиет"
Тақырыбы:Бақшаға саяхат. /Сурет бойынша әңгімелеу/
Мақсаты: Өсімдік әлемі туралы мәліметтер аясын кеңейту. Көкөністерді (қызанақ, қияр, сәбіз) атау барысында балалардың сөздік қорларын жетілдіру. "Көкөніс" туралы жалпы түсінікті игерту.
Дидактикалық ойын: "Дұрыс тауып көрсет".
Мақсаты: Балаларға берілген тапсырма бойынша аталған көкөністерді дұрыс ажырата білуді үйрету.
Сөздік жұмыс:Бақша, жүйек, көкөніс.
Көрнекіліктері: Сәбіз, қияр, қызанақтың муляждары, суреттері.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Алдын-ала жасалатын жұмыстар: Көкөністермен таныстыру.
Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық- қозғаушылық
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу кос,
Міне менің қолым.
Шаттық шеңберін құрады, хормен бәрі бірігіп айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Дұрыс айтасыңдар, қазір жылдың күз мезгілі. Балаларға бақша бейнеленген суретті көрсету. Бақшада өсетін көкөністер (сәбіз, қияр, қызанақ) туралы, олардың барлығын бәрін бір сөзбен көкөністер деп аталатындығын түсіндіру.
Сурет көрсету арқылы бақша, жүйек, көкөніс деген сөздердің мағынасын түсіндіру.
Сөздік қорларын жетілдіру үшін сөйлем құрау (Мысалы: Бақшада сәбіз өседі, т. б).
Көкөністер жүйекте өсетіндігі,олардың дәмді болып өсуі үшін күнде суару қажет екендігін айту.
Сергіту сәті:
Бақшамыз біздің тамаша,
Көктемде жүйек қазамыз,
Бақшаны біз суарамыз,
Сәбіз, қияр,қызанақ
Үлкен болып өс
Страницы: 1 | 2 > >>