ерiн, тәртiбiн белгiлейдi.
Негiзгi ұғымдар
төтенше жағдай енгiзiлетiн жерлердiң шекаралары- Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағы;
жергiлiктi жердiң комендатурасы- төтенше жағдай енгiзiлген жерлерде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Президентi құратын уақытша арнаулы орган;
жергiлiктi жердiң коменданты- Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын, төтенше жағдай енгiзiлген жердегi комендатураның қызметiне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдарды бiрыңғай басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам;
төтенше жағдай- азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерiнде ғана қолданылатын және мемлекеттiк органдар, ұйымдар қызметiне, азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара.
Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы Қазақстан Республикасының Заңы
2002 ж. 3 сәуір
Осы Заң қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың алдын алуға, олардың салдарын шектеуге және зардаптарын жоюға ұйымдардың әзірлігін, авариялардың жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған орта мен мемлекетке келтірілген залалдарын кепілдікпен өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Негiзгi ұғымдар
қауіпті өндірістік объектідегі авария- адамдардың қаза табуына, олардың денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылы
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>