Балаңыз мектепке дайын ба?
Ата-аналар! Бала мектепке барғысы келе ме? Қызығушылығы бар ма?
Осы сұрақтарға "иә" немесе "жоқ" деп жауап беру арқылы баланың білімі қандай деңгейде және мектепке барғанда нені білу керек екені анықталады.
1. Алфавит бойынша барлық әріптерді тану, білу;
2. Буындап қосып оқи алу;
3. Әріптердің баспа түрін жаза білу;
4. 1-ден 20-ға дейін тура және кері санай білу;
5. Өз аты-жөнін, мекен-жайын, туған күнін толық білу;
6. Ата-анасының аты-жөнін толық білу;
7. Жұмыс орнын, қызметін білу;
8. Мамандық түрлерін білу;
9. Адамның суретін салу, әр мүшесін атап беру (бас, аяқ, қол, көз, т. б. )
10. Жыл мезгілдерін білу;
11. Қазақша ай аттарын, апта күндерін білу;
12. Геометриялық пішіндерді атау, суретін салуды білу;
13. Сурет бойынша әңгімелей білу;
14. Құстардың аттарын білуі;
15. Балалар өз ойын толық жеткізе білу;
16. Оң, сол қолын ажырата білу;
17. ҚР рәміздерін білу;
18. Сөздерге сөйлем құрай білу;
19. Ұлттық ойындарды атай білу;
20. Үй және жабайы жануарларды ажырату;
21. Өлең, мақал-мәтел, жаңылтпаш айта білу;
22. Көлік түрлерін ажырата білу /суда, әуеде, жерде/
23. Ертегілерді атай білу және мазмұнын айту;
Жауап бергеніңізге рахмет! Аты-жөніңіз:
Баланың аты-жөні:
Страницы: 1