Баланы шығармашылыққа баулудағы инновациялық технологиялардың маңызы

Страницы: 1 | 2  >  >>

Жаңа заман талабына сай инновациялық технологияларды қолдану арқылы баланың шығармашылық ізденісін қалыптастыру

"Инновациялық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан жаңа міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды"
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсаты - баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы (түс, графика, дыбыс, замануи видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:
- Денсаулық сақтау технологиясы
- Жобалы-іс шығармашылығы
- Ізденіс-шығармашылық технологиясы
- Қатынастық-ақпараттық технология
- Жеке тұлғаға бағыттау технологиясы
- Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы
- Ойын технологиясы
- Триз технология

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: