Баланы қалай тәрбиелеу керек

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

ыз, тек өзіңіздің көңіл-күйіңіз туралы айтыңыз.
19. Шектен тыс бақылауды азайтыңыз, бұл көп жағдайда табыс әкелмейді.
20. Ол ақтай алмайтын үмітті, көтере алмайтын жүкті оған артпаңыз. Бастапқыда өзіңіз одан не талап ететініңізді анықтап алған жөн. Содан соң барып, міндетті түрде оның не қалайтынын біліңіз, ұстаным жасауға тиіс аса маңызды жағдайлар бойынша міндетті түрде келісімге келуге ұмтылған дұрыс.
21. Әңгіме барысында оның маңызын жоғалтпау үшін көпсөзділіктен арылу керек.
22. Сіздің баланы мәжбүрлеуіңіз тым нәзік, жан-жақты әрі жалғаспалы сипатта әсер ететіндей болуы керек.
23. Әр уақытта баламен үлкен адамдарша, оны кішірейтіп, еркелетер сөздерді барынша аз қолдана отырып сөйлескен абзал.
24. Даулы мәселелер орын алған жағдайда бала өзін үнемі қателесуші ретінде сезінбес үшін оған жол беріңіз. Бұл арқылы сіз балаңызға біреуді кешіруді, өз қателігін түсінуді, жеңілістер мен қателіктерді мойындай білуді үйреткен болар едіңіз.
25. Оны ақылы, таланты, сұлулығы немесе тума дарыны үшін емес, қарапа-йым ғана оның осылай бар болғаны үшін ғана жақсы көріңіз.
26. Есіңізде болса, балаға үш негізгі қасиетті дарытуға міндеттісіз: шешім шығару, құрмет, жауапкершілік. Қандай жағдай болса да, еңсесін тік ұстайтын, жан-жағындағыларға құрметпен қарайтын және өз қадамдары үшін жауап бере алатын адамдар көп жағдайда табысқа жететіні белгілі.
Егер сізге шын мәніндегі жақсы, жауапкершілігі жоғары, бәріне сыйлы, табысты азаматты тәрбиелеп шығару керек болса, ешқашан өзіңізді кінәлап, өкінішке ұрынбас үшін, бар мүмкіндікті қолдануға тырысыңыз, бәлкім сонда ғана сіз өз перзентіңізбен мақтана алатын боласыз.





Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: