Ана: Балам, белім ауырып тұр! Маған көмектесіп жібересің бе?
Қожа: Жоқ. Менің уақытым жоқ. Менің ұйқым келіп тұр.
Анасы: Одан да сен балабақшаға бармайсың ба? Саған сабақ оқу керек, тәрбие алу керек. Үйде жатып жалқаубек болып кетіпсің ғой!
Қожа: Ой, мам қойшы қайдағыны айтпай. Одан да маған тамақ бер!
Анасы: Білесің бе балам, үйде нан жоқ. Сен жай жатпай дүкенге барып кел.
Қожа: Ерініп тұрмын. . . Жарайды, солай-ақ болсын, барып келейін.
Қожа көшеге шығады. Жолдан өтейін деп жатса, жолдан бағдаршам шығады.
Қожа: Мәссаған! Бұл не өзі?
Бағдаршам: Күндіз түні жанамын
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар
Белгілі жаспен кәріге
Мен бағдаршам боламын.
Қызыл көзім жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда.
Қожа: Тоқта деген сөзді мен білмеймін. Мен үшін ондай түс жоқ. Сенің айтқаныңның бәрі өтірік.
Деп қызыл түске жүріп кетеді. Жолда велосипедпен келе жатқан адаммен соғылады.
Велосипедші: Сен неге қызыл түке жүресің? Бағдаршамға қарамайсыңба?!
Қожа көңіл аудармай ары қарай жүреді. Жүрген жолында ол Белгіні кездестіреді.
Қожа: Бұл не деген нәрсе өзі?
Ескерту белгісі: Қып-қызыл үшбұрыш белгісі.
Қауіптен сақ бол деп айтамын.
Аман сау жүреді жаяу да, көлік те
Сақтаған мен берген белгіні
Қожа: Сен не деп тұрсың өзі? Маған жүрме дейсің бе? Кет! Мен бәрібір барамын. Сені тыңдағым келмейді.
Жолда жүріп келе жатса, алдынан шұңқыр пайда болды. Ол сол шұңқырға құлайды. Шұңқырдан шығып.
Қожа: Ой, бүкіл денем, басым ауырып тұр.
Жолға шығып қиылысты көреді. Сосын кошеде келе жатқан адамнан сұрайды.
Қожа: Неге осы жерде жол көп болып кетті?
Адам: Бұл жолдар қиылысы ғой. Сен жол ережесін біліп ал, есте сақта.
Қожа: ААА. Енді жол ережесін білетін боламын. Дүкенге ба
Страницы: 1 | 2 > >>