Балалардың өзінен жасы үлкендерді сыйлауы

Страницы: 1 | 2  >  >>

Тақырыбы: Балалардың өзінен жасы үлкендерді сыйлауы
Баланың өзінен жасы үлкендерді, әсіресе, ата-анасын сыйлауы керек деген пікір ертеден қалыптасқан. Мұнымен қатар, сөздікте сыйлау деген жасы үлкенді құрметтеу ғана емес, оның тұлғалық қасиеттерін мойындау екені жазылған. Алайда, жасы үлкен мен сыйлы жанның мәртебесі бірдей ме?
Сыйластық бар жерде махаббат та бар. Ата-анаға деген сыйластық пен махаббат - ең ұлы сезім.
Отбасындағы үлкендерді сыйлау арқылы бала болашақ өмірге жүрегіндегі ерекше мейірімділікпен қадам басады. Ведикалық астрологияға сүйенер болсақ, адам әкесін құрметтеу арқылы мансап жолында жолы болып, үлкен табысқа кенеледі. Мұнымен қатар, сенімділік пен тұрақтылыққа ие болады. Ал анаға деген сыйластық сабыр мен жұмсақ мінездің қалыптасуына негіз болады.
Даналардың әке-шешесін сыйламаған бала тамырсыз өскен бұтаққа немесе бастаусыз аққан бұлаққа ұқсайды деген сөздері бекер айтылмаса керек.


"Ата-анаңа жасағаның алдыңа келеді" дейді.
Ерте ме, кеш пе барлығымыздың да баламыз болады. Әке-шешемізге деген қарым-қатынасымыз арқылы балаларымызға тәрбие береміз. Олар өскен кезде бізге дәл осындай қарым-қатынас жасайтын болады.
Ойлаңызшы:
Бұл тәнді сізге кім берді?
Сізді осы күнге дейін мәпелеп өсірген кім?
Кімнің арқасында білім алып жүрсіз?
Осы үш сұрақ біздің олардың алдында үлкен қарызымыз бар екенін баяндайды. Сондықтан, оларды мәңгілік сыйлап өтуіміз қажет. Ал сыйлау дегеніміз не? Сыйлаудың ең жоғарғы формысы - алғыс.
Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз демекші, кейде ата-анамыздың да біздерге ойдағыдай тәрбие мен мейірімділік таныта алмайтын кездері болады. Бірақ сіздің оларға деген жақсы қарым-қатынасыңыз өз балаларың

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: