Жалпы білім беретін қазақ мектептерінде оқушыларды халқымыздың рухани байлығымен, мәдениетімен , салт-дәстүрімен терең таныстырып, бүгінгі қоғам сұранысына сай тәрбиенің жаңарған жүйесін жасау бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Эстетикалық тәрбие де жалпы тәрбиелеу процесінің құрылымына сәйкес өзара тығыз байланысты элементтерден тұрады мақсаты, мазмұны, әдістері,құралдары және нәтижесі. Тәрбие көп жақты процесс болғандықтан ,оған табиғи орта , өмір дүниесі, отбасы, мектеп, өнер және ақпараттық жүйе сияқты түрлі жағдайлар әсер етеді .
"Эстетикалық тәрбие" ұғымы- эстетикалық тәрбие теориясындағы ең жалпы ұғым. Ол өзіне тәуелді бірқатар ұғымдардың бірі - эмоциялық тәрбие. Ол балада эстетикалық қабылдаудың ,шығармашылықпен епестетудің , эмоциялық толқуларының, сондай-ақ рухани қажетсінулердің белсенділігін қамтамасыз ететін мәндік күштерді мақсатқа бағыттап қалыптастыру процесі. Балалардың эстетикалық тәрбие ленуі мен дамуы идеялық, психологиялық және педагогикалық жағынан негізделген бағдарламалық-әдістемелік құжаттардың негізінде идеялық-саяси, адамгершілікжәне еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста эстетикалық тәрбие жүйесі арқылы жүзеге асады. Өнер шындықтың мәні шоғырланып, мазмұнды, толық, көлемді бейнелеп және білдіре алатындықтан, ол адамның өмірге эстетикалық қатынасын қалыптастырудың өткір және әсерлі қаруы болып табылады.
Әдетте музыкалық материал әсерді қорытындылауға жәрдемдесетін жетекші тақырыптар негізінде беріледі. Мысалы, мектепте бұл балаларға музыканың өмірмен тығыз байланысын көрсетуге мүмкіндік береді. ( " Музыка не туралы айтады?", "Музыка нені білдіреді?", "Музыкадағы табиғат"," "қазақтың халық музыкасы"". Қорытындылаушы тақырыптарды қамтитын музыкалық туындылар мұғалімге балалардың
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>