Тақырыбы:"Балалар есте сақтаңдар,дәрілер-кәмпит емес!" Мақсаты: балаларға дәрілердің қауіпті екендігін және олардың зиянды екенін түсіндіру. Міндеттері: БМ:дәрілік заттардан сақтану жолдары туралы мағлұмат беру. ДМ:сөздік қорларын байыту жаңа сөздермен. ТМ:жанашырлыққа,қамқор болуға тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар:тақырыпқа байланысты суреттер. Сөздік жұмыс:дәрі,дәрумен. Кіріспе әңгіме Балалар мына жұмбақты шешіңдерші: Қашан біз ауырамыз, Сол кезде оны қабылдаймыз. (Дәрілер).
-Адам ауырса дәрігерге барады. Дәрігер ауырған адамды қарап болған оған әр түрлі дәрілер жазып береді. Дәрілер адамға ауруынан тез жазылуға көмектеседі.
Енді таблеткалар жайлы сөз қозғасақ. Таблеткалар әр түрлі пішіндн және әр түрлі түсті боп келеді. Олар бір жағынан қарағанда кәмпиттерге ұқсайды. Мысалға алатын болсақ,әжелерің ауырып қалды дейік,әжелерің дәрігер жазып берген дәрілерді қабылдап жүр дейік. Бір күні ол бір таблетканы еденге түсіріп алды. Сендер сол таблетканы тауып алдыңдар дейік. Сенің іс әрекетің қандай?Еденнен алып әжеңе бересің бе?Ары қарай әжең өзі шешеді. Дұрысы әжең оны қоқыс шелегіңе салады,өйткені ол жерге түсті кір болып қалуы мүмкін. Енді ол дәріден зиян келмесе пайда болмайды. Егерде жерден қандай да бір таблетка тауып алсаңдар оны қандай жағдай болмасын ауызға салуға болмайды. Тіпті ол кішкентай кәмпитке ұқсаса да. Неге ауызға салуға болмайтынын кім түсіндіріп береді?Өйткені,дәрілер улы. Ол үлкен адамға ауруынан сауығуға көмектескенмен,балалар өте улы. Сондықтан естеріңде болсын қандай да бір кәмпитке ұқсайтын таблетка тауып алсаңдар оны ауызға салуға болмайды,үлкендерге беру керек. Үлкендер өдері шешеді оны не істеу керектігін. Дәрумендер мен дәрілер арнаулы қобдишада сақталуы керек балалар қолы жетпейтін жерде. Оны балаларға ешқашан алуға болмайды. Тіпті
Страницы: 1 | 2 > >>