ймын. Себебі фонетика әрбір тілді үйретудің алғашқы баспалдағы деп ойлаймын. Тіл білімінің маманы Адамбаева "Жаңа бір тілді меңгеруді фонетикадан бастамайынша, жаңа тіл игерілмейді" деп атап өткен екен. Сондықтан да даярлық орыс топтарында балалардың тілін дамытуда ерекше орын алатын жұмыстардың бірі - ол фонетикалық
жаттығулар, себебі орыс топтарында дыбыс жүйесін терең меңгерту - басты мәселе.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды бала жетік меңгермейінше, ол сауатты оқу мен жазу дағдысын игере алмайды.
Фонетиканы меңгерту жұмыстары сөздік жұмысымен бірге атқарылады. Осы жұмыс түрлерін менсабақта қалай қолданатыныма тоқталып өтсем:
Мысалы "Оқу құралдары" тақырыбын өткенде
мен келесі жұмыс түрлерін жүргіземін:
1. Ең бірінші оқу құралдарының атауларын сурет арқылы таныстырамын. (орысша-қазақша аудару арқылы)
2. Енді сөздерге фонетикалық жаттығу жасаймыз. Әсіресе, қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалаймын. Дыбыстарды сыныпта әр түрлі формада (хормен, жұппен, жеке) айтқызамын.
3. Кейін сөздерді іс-қимылды білдіретін сөздермен байланыстырып
айтамыз (мысалы кітапты не істейміз? оқимыз, дәптерге жазамыз, сызғышпен сызамыз, т. б. ) ең бірінші өзім тіркестіріп айтып шығамын, кейін оқушылар қайталайды.
"Тіл жеке адамның шаруасы емес. Мемлекеттің де басыбайлы дүниесі емес. Тіл - халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәртебесі - елдің мерейі. Оның мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Сондықтан тілдің мәртебесін өсіру баршамыздың міндетіміз деп айтқым келеді".
Страницы: << < 1 | 2