Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Барақ батыр негізгі орта мектебі
«Бала тәрбиесі отбасынан басталады»
Бердіғожина Бижамал Мұхаметқалиқызы
2013-2014 оқу жылы
Бала тәрбиесі отбасынан басталады
«Ел боламын десең бесігінді түзе»,-деген сөз бекер айтылмаған. Сондықтан өсірген ұрпақтарыңызға өткен ата-бабамыздың әдет-ғұрып, салт-санасын, иман жолын бойларына дарытып ұлағатты ұрпақ өсіру әрбір ата-ананың міндеті. Ұрпақ азбас үшін алдыңдағы балаңның әрбір қадамы ата-ананың алдында белгілі болуы керек. Он балаң болса да, дүниеге келтіргеннен кейін, әрқайсысының тәрбиесіне ата-ана ретінде жауап беретіндей дәрежеде болғаныңыз жөн.
«Таңертең түгел үйде, кешке түгел үйде» болса болды деп салғырт қарасаңыз, уақыттың өткенін білмей қаласыз. Бір күні мектеп бітіріп, кәмелеттік жасқа жеткенде бұл қалай болды деп өкінетін жандар аз емес. Қазір жан-жақтарыңызға қарасаңыздар біліміңіз болмаса жұмыс жасап нан табудың өзі болашақта қиындық келтіретінін түсінесіз. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін-өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет. Көптеген ата-аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер тура жақсы пікір айтылып, алдымен ата-ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай баланың оқуға, білімге, мектепке деген құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу-үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата-ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді.
Н. Н
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>