ot;Арба"
Ойынның шарты: Әр команда мүшесі допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау.
8-тур: "Скакалкамен жарыс"
Ойынның шарты: Отбасы мүшелерінің біреуі скакалкамен 1минутта қанша секіреді.
III. Қорытынды бөлім
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады.
Олай болса, біздің әділқазыларымыз барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге мектеп оқушыларының ән шашуын ұсынамыз.
:: "" әні. Орындаушы: -----.
:: ":: "---" әні. Орындаушылар:--
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
І орын - отбасынан құралған топ "--"
ІІ орын - --- отбасынан құралған топ ""
ІІІ орын - --- отбасынан құралған топ ""
"Жеңіске деген жігері үшін" аталымы - отбасынан құралған топ "-"
Жүргізуші:
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген,
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген.
Бой тұмарғып ар-ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген, -
демекші, сайысымызда өз мәресіне келіп жетті.
Құрметті қонақтар бүгінгі "Бақытты отбасы" отбасылық сайысқа алтын уақыттарыңызды бөліп, қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымды білдіреміз! Келгендеріңізге көп-көп рахмет! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!
Страницы: << < 2 | 3 | 4