Бабалар сөзі – тәрбие көзі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тасқырыбы: Бабалар сөзі - тәрбие көзі
Мақсаты: Ұлттық рухты сіңіру. Ана тілін, дінін, оның тарихын, мәдениетін, өмірін, кәсібін қастерлеп, салт-дәстүрін, рухани- мәдени мұраларын менгеру.



1-жүргізуші: Көп жасаған қария
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі - соқпақ, өзі нәр.
Ата салты - ардақты,
Әрбір сөзі - салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.

2-жүргізуші: Бабалар сөзі - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.
Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты - бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда.
Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.
"Бабалар сөзі - тәрбие көзі" атты сауалнама-әңгімеміз қарт ата мен жас жігіт арасында болған әңгіме түрінде өтеді. Яғни, қарияның жігітке қойған сауалына жігіттің жауап беруі және қарияның ол пікірді толықтырып өз ойын айтып беруін көрсетеміз.

1-бала: - Арман деген не? - депті қария.
- Ата арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс -ұшсам дейді, бала - өссем дейді, қыз - көрікті болсам дейді, жігіт - бақытты болсам дейді, қарт - жүзге жетсем дейді, ұстаз - шәкіртіне үлгі болсам дейді.
Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды.
Арманына ақылды жетеді, ақым

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: