Күні, айы: 10. 04. 2017
Пән: әдебиеттік оқу
Сынып: 5 Ә ІІ
Сабақтың тақырыбы: Ағаштар неге ашуланады? Бердібек Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды мәтінің мазмұнымен, Бердібек Соқпақбаевтың әңгімелерімен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Ағаштар жайындағы білімдерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп оқу дағдыларын және белсенді ынталы оқуға үйрету.
Сабақтың міндеті
1. Білімділігі: Бердібек Соқпақбаев туралы білімдерін жетілдіру
2. Дамытушылығы: Оқушылардың байланыстырып жүйелі сөйлеу қабілеттерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелігі: Табиғатты аялауға, ұйымшылдыққа, бірлікке, жақсыны үйретуге, жаманнан жиренуге баулу. Жақсы, жаман әдет - қылықтарды ажырата білуге бағыттау. Отанын елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Көрнекілігі: Бердібек Соқпақбаев портреті, ағаш суреті, кестелер, карточкалар.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, топтастыру
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Сабаққа даярлық. Оқушыларды түгендеу, өзара сөйлесу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сыныпта неше оқушы бар? Оқу құралдарың түгел ме? Сабаққа дайынбыз ба?
Балалар, қазір қай сабақ?(қазір әдебиеттік оқу сабағы)
Бүгін нешесі? (оқушылар жауап береді)
Жылдың қай мезгілі? (көктем жыл мезгілі)
Бүгін біз сабақта не істейміз? "Жақсы, дұрыс, анық, айтамыз"
Балаларға психологиялық дайындық (бағыттау)
(Оқушылар бірге қайталайды)
Күндей нұрланып,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз!
(Өте жақсы балалар!!!)
Бүгін аптаның қай күні? Бүгін . . . (мұғалім, топпен, бір бірлеп оқу)
II. фонетикалық жаттығу
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>