Қазтуған

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

ан қайғы сарыны қалай көрініс тапқан?
3. Өлең-толғауларының көркемдік сипатын айқында.
4. Қазтуған шығармаларының кейінгі жырауларға әсері қандай?

Үй жұмысы:

Міндетті деңгей: " Ескі елдік, бөлінбес бірлік, қайтпас ерлік" мағанасын түсіндіру.

Қазтуған жырау шамамен ХV ғасырдың 20-30 жж. Еділ бойында, қазіргі Астрахань облысының Красный Яр қаласының маңында туған. Оны халық Қарға бойлы Қазтуған деп атап кеткен. Жыраудың дәл қай жылы туып, өлгені туралы деректер әзірге белгісіз. Шамамен 75 жасында қайтыс болған. Ол көшпенді шонжарлар әулетінен шыққан. Жаугершілік заманда қолбасы батыр, жорық жыршысы болған.
Қазтуған туралы алғашқы деректерді С. Сейфуллин жинақтаған. Жырау туып-өскен жері -- Еділ, Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл өзендері бойын өз еркімен тастап кетпей, оны амалсыз қалдырып бара жатқанын жырларына арқау етеді.
ХІХ ғ. көрнекті ақыны Мұрат Мөңкеұлы Қазтуған туралы көп толғап, оның пікірлерін талмай уағыздап өткен.
Өзіне арнаған мадақ жырында ("Бұдырайған екі шекелі. . . ") жырау өзін ең күшті, ең құрметті заттарға балайды. Тарпаң тағыны ұстар ұзын құрық, ақ орданы сүйеп тұрған әшекейлі сырық, жас бураның тал шайнар өткір азуы, қыранның ең қуатты тырнағы. Осы жолдардан Қазтуғанның жорықшы, жауынгер жырау болғандығы көрінеді.
Қазтуған нәр алған әдебиет -- көшпенділердің көне поэзиясы. Кет-Бұға, Сыпыра жыраулардың толғаулары.
Қазтуғанның нағыз ақындық қуатын танытатын шығарма - оның туған жермен қоштасу жыры. ("Алаң да, алаң, алаң жұрт"). Еділ бойы -- Қазтуғанның ата-бабасының ғұмыр кешкен, өзінің туып өскен жері. Сондықтан да Еділді қиып тастап кету мүмкін емес. Жырау қайғы айтып еш түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап, асқақ жыр шертеді. Ескі елдік, бөлінбес бірлік, қайтпас ерлі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: