расында интернет қолданушылардың 59 "WhatsApp" желісінде, 22 "Instagram" желісінде, ал 19 "Вконтакте", желісінде отырады.
Бұл ақпарат жастардың әлеуметтік желіде қаншалықты және қайда отыратынын көрсетеді. Көптеген жастардың ата-аналары бүл үрдістің әсерінен қауіптеніп отыр. Себебі, көбінесе 10-18 жастағы жасөспірімдер мұндай әсерге тап болады. Ал бұл жасөспірімдердің негізгі әлеуметтендіру, оның психика мен дүниетанымын қалыптастыру кезеңі болып табылады. Жастардың 70 әлеуметтік желіні күнделікті, 20 аптасына бір рет және 10 айына бір рет тексереді. Бұл деректер ата-аналарды мазалап қана қоймай, психолог дәрігерлердің, мұғалімдердің де ойын қауіптендіреді. Себебі, бұл жастардың қоғамдық, психологиялық дамуына әсер етеді. Сонымен қатар, ғаламтор адамның физикалық денсаулығына ықпал береді. Мысалы, 15 жасар жасөспірім күніне 4 сағат экран алдында отырса, физикалық күшке тек шамамен 1 сағат қана уақыт бөлінеді. Әлеуметтік желі бос уақыттың көп бөлігін алатынына көз жеткіздік.
Әлеуметтік желі көзбе-көз қарым-қатынасты ығыстырып қана қоймай, әуестікті де алмастырды. Әрине, ғаламтордың жақсы жақтары өте көп: үнемді байланыс құралы, аудио және видеоның қол жетімділігі, ақпарат іздеу және алмасу мүмкіндігі және тағы басқа жақсы артықшылықтары бар. Бірақ, ол жастарды қоғамнан оқшауландырады, яғни жақындармен қарым-қатынас үзіледі, сенімсіздік пайда болады, алтын уақытын текке жұмсайды және сколиоз, арқа және нерв жүйесі сияқты ауруларға шалдығады. Әлеуметтік желіге тәуелділік белгілерін қарастырайық: -себепсіз поштаны қайта-қайта тексеру; -ғаламторға қажетсіз кіре беру; -жақын адамдардың компьютер алдында көп отырасын деген айыптаулары; -уақыт өлшемінің жоғалтуы; -желідегі қарым-қатынастың басымдылығы; -міндеттерді ой елегіне алмау; кез
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>