ҚАЗАҚТЫҢ КҮМІС КӨМЕЙ КӨШЕНЕЙІ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Бекітемін Күні: 03. 12. 2016 ж.
Мектеп директорының оқу-тәрбие Уақыты: 09. 45.
ісі жөніндегі орынбасары Орны: 304 каб.
Емешова А. Сыныбы: 5 "Б"
"" 2016ж. Мұғалім:Жасанбаева К


Сыр сүлейі Көшеней Рүстембекұлының туғанына 70 жыл толуына арналған танымдық сабақ.

Тақырыбы: Қазақтың күміс көмей Көшенейі.
Мақсаты: Сыр сүлейі Көшеней Рүстембековтың өмір жолымен, жырларымен
таныстыру,тыңдату.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға халқымыздың жырау-термешілерін өнеге ете отырып, музыкаға,өнерге деген қызығушылығын арттыру. Музыкалық танымын дамыту,өнерге сүйіспеншілігін оятып ата-бабаларымыздан қалған мұраларымызды сақтап жалғастыра беруге тәрбиелеу.

Жоспары:

1 . Мұғалімнің кіріспе сөзі, жыраулық өнер туралы жалпы мағлұмат беру.
2. Көшеней Рүстембековтің өмірінен оқушы хабарламасын тыңдау.
3. Жырларын тыңдату. Арнұр Рүстембеков жыраудың орындауында.
4. Оқушылармен жұмыс. "Терме жалғасын құрау".
5. Мектебіміздің жас термешісі Жақсылықов Даниярдың орындауында сыр
сүлейлерінің термесін тыңдату.
6 . Оқушылардың орындауында Нұртуғанның "Канеки, тілім сөйлеші"термесін
орындау.
7. Қорытынды сөз.





Сабақ барысы:
1. -Сыр бойы Алаш жұртының көне де киелі мекені. Сырдария жағалауын қуалай өскен жиде ағаштарының хош иісіне елтіп өскен Әбубәкір Кердері, Қарасақал Ерімбет, Шораяқтың Омары,Жиенбай жырау Рүстембек, Тұрмағанбет,Көшеней сынды сыр сүлейлерінің керемет әуен саздары, мың құбылар мақамдары ұрпақтан - ұрпаққа жетіп заманымыздың алтын қорына айналып отыр.
Енді жыр деген не, жырау деген кім, жыршы деген кім соған тоқталып өтейік.
Жырау мен жыршының қандай айырмашылығы бар? Жырау-ақын,өзі өлең,жыр

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: