Күдербаева Жұлдыз Сеилкановна
қазақ тілі 6 " Б"
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың Қанипасы
Мақсаты:
1. Қ. Бітібаева туралы білгендерін толықтыру.
2. Ауыз-екі сөйлеуді дамыту. Әр түрлі тапсырмалар орындай отыра, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
3. Отанын, елін, жерін, тілін құрметтеуге, жақсы көруге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Түгендеу.
Б) Қуаныш шеңбері. ( Оқушылар бір-біріне тілек тілейді. )
2. Сабаққа даярлық
Хабарлама жасау( Алдын-ала тапсырма)
БИТИБАЕВА КАНИПА ОМАРҒАЛИҚЫЗЫ
(1945 - 2014 ж. ж. )
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, "Құрмет" орденінің кавалері - Битибаева Канипа 1945 жылдың 1 мамырында Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында дүниеге келген.
Қазақстан жеріндегі көптеген ғылым ошақтарының құрметті профессоры атанған. Қазақстан Республикасы Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі болған.
Білім және ғылым саласындағы еңбек жетістіктері үшін "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі", "Ы. Алтынсарин" төсбелгілерімен марапатталған. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы атанған.
Қанипа Омарғалиқызы ғылыми өмірі барысында 150-ден астам ғылыми-әдістемелік мамақаларды, 41 кітапты, 10 естелікті жарыққа шығарып үлгерген. 2013 жыл - Шығыс Қазақстан облысындағы Битибаева Канипа жылы болып аталып өткізілген.
Қазақ педагогикасының аңызына айналған тұлға - Канипа Омарғалиқызы 2014 жылы дүние салған. Болашақ ұрпақты даярлау мақсатында сапалы білім беру ісіне бүкіл өмірін арнаған Қазақстанның еңбегі сіңген ұстаз қыздарының бірі.
Марапаттар, грамоталар, алғыстар
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>