Сабақтың тақырыбы: Менің коммуникативті қарым - қатынастарым.
Сабақтың мақсаттары:
1. Оқушыларды қарым - қатынас жолдарымен, түрлерімен және әдістеріммен кеңіне таныстыру; оларды ортаға салып талдау;
2. Адамдармен тыңдай білуге өз ойымен бөлісуге тәрбиелеу;
3. Өз ойына сенімді болып, нақты жеткізуді дамыту.
Пән аралық байланыс: философия, тарих, шетел әдебиеті.
Көрнекілік: тақтада ұлы философтардың, ойшылдардың тұжырымдары
1. Мадақтау шарап сияқты көңілді көтереді, бірақ сананы уламайды. (Вольтер).
2. Қателесу әр адамға тән, бірақ ақмақ адам ғана өз қатесін мойындаудан бас тартады. (Цицерон).
3. Көп сөйлегенде ұтылдым, ал үндемегенде - ұттым. (Мао Цзедун).
4. Әр адамда құдіретті күш бар, сондықтан адамдар бір - бірін сыйлауға тиіс. (М. Горький).
5. Ешкімде саған дос емес, ешкімде саған қас емес, бірақ әр адам саған оқытушы. (орыс мақалы).
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: сәлемдесу; оқушыларды түгелдеу
ІІ. 1). - Бүгінгі сабағымызды "Телефон" ойынан бастайық; қазір әр топтан біреуіңізге 1сөз айтам, оның міндеті - әрі қарай жалғастырып, қасындағы көршісіне құлағына айту. Ойынымыз осылай жалғастырылады.
Ойын аяқталғаннан кейін, қортынды жасау, оқушыларға сұрақ: неге басында айтылған сөз аяғында өзгерді?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Менің коммуникативті қарым - қатынастарым". Өміріміз айналадағылармен тығыз қарым-қатынасқа құралған.
Өкінішке орай арада кейде түсінбеушілік, керістер болады. Себебі неде? Қате кімнен? Мүмкін, өзіміз адамдардың көңілін түсініп тыңдай білмейтін шығармыз? Осы сұрақтарға жауап алу үшін сізге тест "Өз - араңызда қандайсыз?" ұсынамын.
1. Сіз біреумен ұрсып қалғанда өзіңізді қалай ұстайсыз?
А). Бір қалыпты - 3 ұпай
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>