ШҚО,Тарбағатай ауданы,
Тана мырза орта мектебі
Алғашқы әскери дайындық пәнінің
оқытушы-ұйымдастырушысы :
Байназаров Айдын Айтқалиұлы
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, олардың құрамы және атқаратын қызметтері, жоғары әскери оқу орындары, олардың әскери мамандарды даярлаудағы рөлі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақстанның қазіргі армиясымен және әскери – оқу орындарымен таныстыру.
Уақыты: 45 минут.
Өткізілетін орны: БӘД бөлмесі.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакат.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
патриотизм дегеніміз не?
жауынгерлердің интернационалистік қасиетін қалыптастырудағы патриотизмнің рөлі қандай?
жауынгерлерді патриотизм мен интернационализм рухында тәрбиелеудің жолдары қандай?
б) Негізгі бөлім – 25 минут.
Қазақстанның қазіргі армиясы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері, оның құрамы мен тағайындалуы. Жоғары әскери оқу орындары, олардың әскери мамандарды даярлаудағы рөлі.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ АРМИЯСЫ.
Қазіргі кезде ҚР ҚК –не құрлықтағы әскерлер, аэроұтқыр әскерлері, әуе қорғаныс күштері, ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі және Республикалық ұлан мен Ішкі әскерлер кіреді. Өз ретіне қарай, ҚК түрлері әр түрлі әскер бөлімдері мен құрамалардан, арнайы әскер бөлімдері мен бөлімшелерінен тұрады.
Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалары болады.
Әскер түрлеріне мотоатқыштар, танк және артиллерия әскерлері жатады.
Арнайы әскерлерге инженерлік, химия, байланыс, радио жә
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>