Лебяжі ауданының Қазантай жалпы негізгі білім беретін мектеп
Қазақстанның 23- жылдық жетістіктері
Орындаушының аты-жөні: Керейбаева Асемгуль Муратовна
Санаты: жоқ
Лауазымы: Физика пәнінің мұғалімі
Жұмыс өтілі: бірінші жыл
Мекеме атауы: Қазантай жалпы негізгі
білім беретін мектеп
Жұмыс атауы: "Қазақстанның 23-жылдық
жетістіктері" атты тәрбие сағаты
2015 жыл
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстанның 23-жылдық жетістіктері.
Тәрбие сағатының мақсаты: Ой қозғау арқылы оқушыларға сұрақтар қойып тақырыпты ашу, Тәуелсіз Қазақстанның 23-жылдық жетістіктерін көрсету арқылы өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу және патриоттық сезімдерін ояту.
Тәрбие сағатының барысы:
I кезең " Ой қозғау"
II кезең "Арнадым саған әнімді"
III кезең "Тәуелсіздік кілті"
Көрнекіліктері: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер, презентация, плакаттар.
I кезең "Ой қозғау"
Мұғалім: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
Мұғалім: Қалай ойлайсыңдар балалар бұл ненің суреті ?
Сымбат: Қазақстан Республикасы жерінің картасы
Мұғалім: Бұл жер бізге қандай жолмен түсті?
Асланбек: Қиын жолмен, себебі біздің аға-аталарымыз ел үшін, жер үшін қан майданға шығып соғысты.
Мұғалім: Қандай қазақ батырларын білесіңдер ?
Мейрамбек: Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек Түкеұлы және т. б.
Мұғалім:Біз қазір қандай елміз?
Нұрбек: Тәуелсіз елміз.
Мұғалім: Қай жылы Тәуелсіз ел болып жарияландық?
Анель: 1991жылы 16 желт
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>