айтады, қандай спортшыларды есте сақтадыңдар?
Қандай спорт сарайларды білесіңдер?
Факел қазақша қалай айтылады?
Ол ненің белгісі?
Қандай спорт түрлерін білесіңдер?
Саған қандай спорт ұнайды?
Соңғы Олимпиада қай қалада өтті?
- Мектепте қандай секциялар бар?
Қай секцияға қатысқың келеді?
2. Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді өз беттерімен оқып, берілген сұрақтарға жауап жазады.
І топ. Спорттың денсаулыққа пайдасын жазулары керек.
ІІ топ. Спорт неге үйретеді? сұрағына жауап жазады.
Сергіту сәті
«Бәйге» ойынын ойнату
Екі топ сапқа тұрып, І топ «А» әріпінен басталатын сөздерді айтады.
ІІ топ «Ә» әріпінен басталатын сөздерді айтады.
Қай топ мәреге бірінші жетсе, солар жеңеді.
3. Жазбаша жұмыс. Грамматикалық тапсырма.
Берілген сөздерге септеулік шылауды(соң, кейін) қатыстырып сөз тіркесін жазыңдар.
Спорт, жарыс, олимпиада.
4. Тақтадағы Венн диаграммасын плакатта толтыру.
Қазақстандағы спорт түрлері.
5. Тақтамен жұмыс. Жеке жұмыс.
Плакатта берілген орысша және қазақша сөздерді сәйкестендіру.
ІV. Сабақты қорыту.
Оқушылармен сұхбат (сұрақ-жауап)
-Балалар бүгінгі сабақта нені білдік?
- Қазақстанның белгілі спортшыларын тағы да қайталап, атап шығайық.
- Сабақ несімен ұнады?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Сүйікті спортшысы жайлы 2-3 сөйлем құрап келу.
Страницы: << < 1 | 2