Қазақстандағы этносаяси үдерістер

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

Сібір тайпалары тілінде «қазақ» сөзі «мықты», «берік», «алып» мағынасында айтылады.
3) ХІІІ ғ. б. жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің араб-қыпшақ сөздігінде «қазақ» сөзіне «еркін», «кезбе» деген түсіндірме берілген.
Сонымен «қазақ» сөзі көне түркі дәуірінде пайда болып, ХІІІ ғ. дейін бостандық сүйгіш «еркін адамдар» деген мағынада қолданылып келген.
ХV ғ. ІІ ж. - қазақ атауы біржола этникалық сипатқа ие болды.
«Алаш» сөзі шамамен ІХ-Х ғғ. аралығында алғаш рет айтылды.
Жүздердің пайда болуы туралы деректер:
1) 100 санына байланысты болды десе;
2) Әскери - тайпалық басқарудың үштік - оң қанат, сол қанат, орта қанатқа бөліп басқару жүйесімен байланыстырады.
3) Шаруашылыққа байланысты табиғи-географиялық жағдаймен бірлікте қарастырады.
В. В. Бартольд жүздердің пайда болу себебін қошаған табиғатқа байланысты көшпелі мал шаруашылығын жүргізу жағдайының айырмашылығында деп білді.
Бекіту сұрақтары:
1. Халық болып қалыптасу барысында қандай туыстас тайпалар болды?
2. Этносаяси қауымдастық дегеніміз не?
3. «Өзбек», «Өзбек -қазақ» деген атаулар негізінен қай халықтарға қатысты?
4. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалары басты роль атқарды. Неге?
5. «Қазақ» сөзінің шығуы туралы қандай пікірлер бар?
6. Жүздердің пайда болуы туралы қандай деректер келтіруге болады?
Қорытынды: Сонымен қазақ халқының қалыптасуы б. з. б. ІІ мыңжылдықтан басталады. Халықтың қалыптасуына дейін қазақ жерінде бірнеше тайпалар өмір кешті. Халықтың қалыптасуы ұзақ процеске созылды. Қазақтың қалыптасуына екі этникалық топ әсер етті. Олар: қыпшақ, үйсін тайпалар одағы. Бұл топ бертін келе қазақ халқының үш жүзін құрғаны белгілі.
Үйге тапсырма: Қазақ халқының қалыптасуы, оқу сұрақтарына дайындалу.
P

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: