саяси белсендігің арта түсуі.
3. 1980 жылдардағы халықаралық жағдай. Социалистік лагерлер жүйесінің күйреуі
Тақырыпты оқушылардьң меңгеруiн жеңiлдету үшiн әрбiр тақырыпшаны тiрек-сызба арқылы түciндiре білу.
Күтілетін нәтиже:Әpi қарай оқушылардьң тарихи танымдьқ, ойлау, талдау, iздену қабiлеттерiн дамыту өзiндiк жұмыстар жасап, өз шешімдерін айту.
1. Оқушыдан сурет тұрғыдан сұрау.
2. Әңгімені айту.
3. Оқушылар оқыған тақырыптың негізгі идеясына тоқталу.
4. Мұғалім мен оқушылар арасында сұрақ-жауап қатынасы арқылы тақырыпты толықтыру.
20 мин.
Қазақстандағы қоғамдық саяси қозғалыстар
Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:
1) Экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар "Невада-Семей" қозғалысы, "Арал-Азия-Қазақстан" халықаралық қоғамдық комитеті, "Табиғат" комитеті, т. с. с. ;
2) Тарихи - ағартушылық қоғамдар: "Мемориал", "Әділет", "Ақиқат" және т. б. ;
3) Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: "Атамекен", "Алтынбесік", "Жерұйық" "Шаңырақ" және т. с. с. ;
Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т. б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан, еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек. Енді соңғы мәліметтер бойынша, бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәс
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>