Қазақстан шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарында

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақ9 Сыныбы9 Күні: 6. 10. 17ж
Тақырыбы: Қазақстан шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарында.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Топтастыру.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Тірек-сызба.
3. Кестемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, қазақстан тарихы т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Қоқан автономиясы - 1917 жылы қарашада өткен ІV Өлкелік төтенше мұсылман съезі орталығы Қоқан болатын Түркістан автономиясын құру жөнінде шешім қабылданды. 1918 жылы қаңтарда Ташкент кеңесі Қоқанға құрамына Ташкенттің қызыл гвардияшы бөлімдері, большевиктерге ниеттес қалалық гарнизон солдаттары кірген жазалаушы отрядтарын жіберді. 29 қаңтарда Қоқан автономиясын талқандау басталды. 1918 жылы 30 сәуірде Ресейден жіберген большевиктердің басшылығы мен құрамында Қазақстанның оңтүстік аймақтары енген Түркістан Кеңестік Федерациялық Республикасы жарияланды. Түркістан АКСР - інің астанасы - Ташкент қаласы болды.
2. Алаш автономиясы - өте күрделі жағдайда қызмет атқарды. Дала өлкесінде "Алашорда" үкіметінің жергілікті органдары құрыла бастады. "Алашорда" үкіметінің мүшесі, қоғам қайраткері, ағартушы О. Әлжанов большевиктермен кескілескен қан майданда 1918

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: