Тақырыбы: "Қазақстан рәміздері ұлтымыздың намысы"
Мақсаты: Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша мемлекеттік саясаттың басымдықтарын жүзеге асыру. Балаларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал еңбек етуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Баланың ой-өрісін іздемпаздыққа, жан - жақтылыққа шақыру, тіл байлығын дамыту.
Көрнекі- құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері - туы, елтаңбасы, әнұраны. Астана қаласының нысандары, ғимараттары, мұражайларының сурет - буклеттері.
Балалар сазды әуенмен ән-күй залына кіреді.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
.
Сәлеметсіздерме балалар, қонақтар. Балалар бүгін бізде ерекше сабақ болады. Сабағымызды әнұранмен бастайық.
Балалар қолдарын кеудеге қойып әнұранды айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстанның бас қаласы яғни елордасы, астанасы қай қала?
-Дұрыс, Астана - жас, көркем, әсем, әдемі қала.
Суреттерді көрсетіп, әңгімелеу. Біздің еліміздің президенті кім?.
-Ал біз Қазақстанның қай қаласында тұрамыз?
-Өте жақсы, бүгін біз сендермен Мемлекеттік рәміздермен танысамыз. Ол үшін тақтадағы суреттерге назар аударайық. Мына суреттегі біздің еліміздің мемлекеттік туы. Оның ортасында шұғылалы күн, астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек жолақ түрінде нақышталған. Шұғылалы күннің, қыранның және ұлттық өрнек бейнеленген тік жолақтың бейнесі - сары, алтын түсті. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Нұрға малынған алтын күн тыныштық
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>