Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Өткен шақ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

r/>Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғары кеңес Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялады. Біздің еліміз демократиялық мемлекетке айналды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде мемлекеттік рәміздері бар. Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Олар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы
Елтаңбамыздың авторлары белгілі суретшілер: Шота-Аман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков. Елтаңба көгілдір түсті, ортасында шаңырақ бейнесі бар. Шаңырақтан жан-жаққа уықтар тарайды. Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздың тыныштықта өмір сүріп жатқан халықтарының бірлігін көрсетеді.
Елтаңбаның екі жағында қанатты тұлпар бейнеленген. Тұлпар-адамның сенімді досы және қолқанаты.
Елтаңбаның жоғары жағындағы бес бұрыш - бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Сондықтан біздің елтаңбамыздағы аспан мен жұлдыз асыл арманға жеткізетін белгі болып саналады.
Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу Республиканың аты.
Масақ – Отанымыздың байлығы.
Елтаңба – мемлекеттің тарихи дәстүрін көрсететін, бірлікке, тыныштыққа шақыратын белгі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
Жер бетінде қанша ел болса, сонша ту бар. Әр елдің өз туы, әр тудың өз тағдыры бар.
Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төрт бұрышты. Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштық пен амандықты көрсетеді. Тудың ортасында бейнеленген сәулесін шашқан алтын күн – тыныштық пен байлықтың белгісі, күннің астындағы қалықтаған қыран дархандық пен қырағылықтың, ой-арманның шарықтауын меңзейді. Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ бар. <

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: