талықтандырылмаған ақша қорын қалыптастырумен байланысты. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорларының ресурсы ұлттық пайданы бөлу және қайта бөлу арқылы құрылады.
Экономикалық-әлеуметтік дамудағы мемлекеттің маңызды рөлі, оның қол астындағы мөлшері көлемдегі қаржылық ресурстардың орталықтандыруына әкеледі. Бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етеді.
Ақша қорларының басқа да формаларын пайдалану қаржы жүйесінің несиелік және сақтандыру салалары арқылы жүзеге асырылады.
Оталықтандырылмаған ақша қорлары кәсіпорынның өздерінің жинақтарынан және ақша пайдасынан құралады.
Жалпы мемлекеттік қаржылар халық шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету, қаржы ресурстарын экономика салаларымен елдің аймақтарында қайта бөлуде маңызды роль атқарады. Жалпы мемлекеттік қаржылар кәсіпорынның қаржыларымен тығыз байланысты.
Біржағынан, бюджет пайдасының басты көзі ұлттық пайда болса, екінші жағынан, өндірісті көтермелеу үшін кәсіпорынның өзінің қаржыларымен ғана емес, жалпы мемлекеттік ақша қорларын банк несиелерін тарту арқылы дамытады. Кәсіпорынның жарғылық қоры жетіспеген жағдайда ақционер негізінде басқа фирманың қаражаттарын тарту арқылы дамытуға болады.
Қаржы жүйесі арқылы орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша, жинақ қорларына мемлекеттік несиенің, салықтардың, мемлекеттік бюджеттің шығындары арқылы ықпалын тигізеді.
Мемлекеттік бюджет – қаржы жүйесінің басты саласы. Ол мемлекеттің де басты саласы. Ол мемлекеттің басты кірістері мен шығыстарын біріктіреді.
Ресей Федерациясының негізгі қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Бюджет арқылы барлық меншік нысандарының, шаруашылық жүргізуші субьектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жұмылдырылад
Страницы: << < 52 | 53 | 54 | 55 | 56 > >>