р
Материалдық шығындар
Еңбекке ақы төлеу Қосымша өнім
Ұлттық табыс
Қ а й т а б ө л у
Орынды толтыру қоры Тұтыну қоры Қорлану қоры
сурет. Қоғамдық өнімнің құнын бөлу
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа ауыспалы айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы – қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан –тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Экономикалық заңдармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар – бұл біркелкі экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің бір жағын сипаттайды және абстрактты, қоыртынды түрінде көрінеді; оларға баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс және т. б.
Қаржы экономикалық категория ретінде, экономикалық зағдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейңне сәйкестік заңның, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді. Қаржыны құндық экономикалық категориялардың бүкіл жалпы жиынтығынан ажыраты үшін экономикалық категорияға тән белгілерін біліп алған жөн.
Қаржының қажеттігі
Қоғамдық дамуының қажеттігі
Тауа
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>