қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы Республика БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада "Бала мен ана денсаулығы", "Базалық білім беру", "Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі" және басқа да бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының атқару кеңесіне мүше болды.
Қазақстанның сыртқы саясаты 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі 10 жыл ішінде күрделі даму жолынан өтті. 1991-1993 жылдары Қазақстан халықаралық құқық субъектісі ретінде әлемдік қоғамдастыққа ену шараларын жүзге асырды, дүние жүзіндегі жетекші елдермен ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық базасын қалыптастырды.
1994-1997 жылдары сыртқы саясат қызметінде мықты құқықтық база құру жұмысы жалғастырылды.
2003 жылы Алматыда "бейбітшілік пен өзара келісім" жөніндегі халықаралық конференция мен Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің 1 съезі болып өтті. 2006 жылдың қыркүйек айында Астанада Бейбітшілік пен өзара келісім Сарайында Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің ІІ съезі болды.
oo Қазақстан қандай халықаралық ұйымдардың мүшесі?
oo 1992 жылы 2 наурызда қандай қарарға қол қойды?
oo 1998 жылы 16 қарашада қандай қарар қабылданды?
oo Республикамыз БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына қай жылы кірді?
oo 1997 жылы Қазақстан қанша қорға мүше болды?
oo Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің 1 съезі мен ІІ съезі қай жылдары өтті?
2. Жазылым
5-тапсырма. Сөйлемді жалғастырыңыз.
Қазақстанда сыртқы саясат пен халықаралық қатынастарды нығайтпақ
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>