Қазақшаңыз қалай

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Қазақшаңыз қалай?" викторинасы

Тақырыбы: "Қазақшаңыз қалай?"
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
1. Білімділік: Оқушыларға мемлекеттік
тіл -қазақ тілін меңгерту,білімдерін молайту.
2. Тәрбиелік: Оқушыларға қазақ тілін меңгерте отырып,туған Отанын,қазақ халқының салт- дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін,шығармашылығын дамыту.
Сабақтың түрі: Викторина
Әдіс - тәсілдер: ойын, сұрақ - жауап, көрнекілік;
Көрнекі - құралдар: кеспелер, суреттер, слайдтар, шар, плакат.
Сабақтың барысы:
Мұғалім:
- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Құрметті оқушылар. Сендер бізде қандай апталық болып жатқанын білесіңдер ме?
- Дұрыс, қазір бізде "Тіл апталығы" өтіп жатыр.
Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі - қазіргі қазақ тілі - дамыған тіл.
Балалар, сендер байқайсыңдар ма? Бүгін бізге қонақ келіп отыр. Қонақпен амандасайық!
- Сәлеметсіз бе! (балалар амандасады)

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым, дара тілім.

Ал енді сіздердің алдарыңызға"Қазақшаңыз қалай?" викторинасының
қатысушыларың шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

Сайыс 5 турдан тұрады:
1-тур "Кім жылдам?"
2-тур "Тапқыр болсаң - тауып көр"
3-тур "Сиқырлы сөз"
4-тур "Өнер алды - қызыл тіл"
5-тур "Жаңылмай айт"

Ал ендеше бірінші турға көшейік.

:: 1-тур "Кім жылдам?"
Бұл турда берілген әріптерден тез сөздер құру. Қай топ жылдам сөзді құрап шықса, сол топқа жұлдызша таратылады.
Құрылатын сөздер:
МӨСЛЙЕ - Сөйлем
УҒАЛЖА - Жалғау
ҚАБАС - Сабақ<

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: