Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы

Страницы: <<  <  30 | 31 | 32 | 33 | 34  >  >>

азар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты, төрт түлік малы сай болыпты. Басқалары тұра келді де, алып Семен шалқасынан түскен бойы қозғалған жоқ. Мына біреуін бір адам жазған екен. Кешегі алай-дүлей дауылдан ешқандай белгі қалмаған (Ш. Айтматов). Төреқұлдың әңгімесін жиналғандар ақырына дейін селт етпей ұйып тыңдапты (Қ. Жұмаділов). Оған әрекеттің қауіпті екенін әрбір жауынгердің өзі де сезген (Р. Қошқ-в). Түн көрпесін жамылған кең жазық даланың бәрін де сәуле басқан (М. Иманжанов). Қолға түскен батырларымызды байлап алып кетіпті (Қазақ ертегілерінен). Мен қасқыр дегенді күндіз де көрген емеспін, түнде де көрген емеспін (Ғ. Мүсірепов).
Түсіну:
«Етістіктің шақтары» тақырыбы бойынша
1. Қай сөйлем сөйлеп тұрған уақытқа дейін әрдайым болып тұрған іс-әрекетті білдіріп тұр?
А) Біз жазда өзенге шомылуға баратынбыз.
В) Мен сабаққа дайындалдым. С) Олар ертең балық аулауға бармақшы.
Д) Ол үйде жалғыз отыр Е) Ол ертең келеді.
2. Баяндауышы мақсатты келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді көрсет.
А) Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.
В) Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз. С) Кешке алтыбақан құрамыз.
Д) Олардың ақылдылығына ,білімділігіне піріндей сенеді.
Е) Көрмес—түйені де көрмес.
3. Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан іс-әрекетті тап.
А) Марат маған айтып тұрды. В) Олар сенің кітабыңды кеше сыныпта алып жүрген. С) Ол екі бұрын қалаға бара жатқан.
Д) Салтанат сабақ түсіндіріп тұр. Е) Мақсатым—тіл ұстартып,өнер шашпақ.
4. Баяндауышы ауыспалы келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді тап.
А) Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.
В) Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз. С) Кешке алтыбақан құрамыз.
Д) Олардың ақылдылығына ,білімділігіне пірінде

Страницы: <<  <  30 | 31 | 32 | 33 | 34  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: