Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>

салдар шылау.
E) Шартты шылау.
2. Сөйлемді толықтыратын жалғаулықты табыңыз.
Қазақ халқының қонақжайлығын саяхатшылар . . . ғалымдар жоғары бағалаған.
А) Да. В) Пен.
С) Туралы. D) Мен.
E) Сондықтан.
3. Нақыл сөздегі жалғаулықты көрсетіңіз.
«Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған»
А) Өнер-білім.
В) Бәрі.
С) Де.
D) Оқуменен.
E) Табылған.
15
4. Жалғаулық шылауды табыңыз.
А) Аяқ (пен) жүр.
В) Қол (мен) ұста.
С) Дос (пен) қас.
D) Мұрын (мен) демал.
E) Бас (пен) ойла.
5. Сөйлемнің қазақша дұрыс баламасын табыңыз.
«Я проспал, поэтому опоздал на занятия»
А) Мен ұйықтап қалдым, өйткені сабаққа кешігіп кеттім.
В) Мен ұйықтап қалмадым, өйткені сабаққа кешігіп келдім.
С) Мен ұйықтадым, себебі сабаққа кешігіп келмедім.
D) Мен ұйықтап қалдым, сол себептен сабаққа кешігіп келдім.
E) Мен ұйықтап қалдым, бірақ сабаққа кешігіп келдім.
6. Ыңғайластық жалғаулықты табыңыз.
А) ма, ме, ба, бе.
В) мен, және.
С) егер, егер де.
D) өйткені, неге десең.
E) –ақ, -ау.
7. Талғаулықты жалғаулықты табыңыз.
А) я, болмаса.
В) түгіл, тұрсын.
С) –мыс, -міс.
D) –ақ, -ау, -ай.
E) мен, бен, пен.
8. Сөйлемдегі жалғаулық шылаудың түрін анықтаңыз.
Тұсау кескен адамға да сыйлық беріледі.
А) Сұраулық.
В) Ыңғайластық.
С) Талғаулықты.
D) Кезектес.
E) Қарсылықты.
9. Тиісті жалғаулықты табыңыз.
Қонақ шақырудың . . . , дастарқан жасаудың . . . өзіндік үлгісі бар.
А) Мен.
В) Және.
С) Де.
D) Бен.
E) Да.
10. «Себебі, сол себепті» жалғаулықтарының түрін ажыратыңыз.
А) Талғаулықты.
В) Ыңғайластық.
С) Қарсылықты.
D) Себеп-салдар.
E)

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: