Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
Донецк орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жаманова Камиля Габдуллаевна
Өнер алды - қызыл тіл
Мақсаты:
1) Білімділік: Пән бойынша білімдерін тереңдету, пысықтау және жүйелеу;
2) Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекеттерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту;
3) Тәрбиелік: Мемлекеттік тілді қастерлеп, туған жерін, мәдениетін, тарихын мақтан тұтуға тәрбиелеу
Біз бүгінгі сабақта өткен сабақтарымызды қайталаймыз. Оны біз жай сабақ емес «Өнер алды – қызыл тіл» аты сайыс сабақ түрінде өткіземіз.
СЛАЙД Өнер алды – қызыл тіл
Ой толғаған сырлы тіл.
Бұл сайыс болғандықтан қарама – қарсы 2 топ болады. «Тұлпар» , «Қарлығаш» Бұларды бағалайтын әділ қазылар сабаққа қатысып отырған мұғалімдер. Әділ-қазыларымызбен таныс болыңыздар.
І І. Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады 1 бөлім. . Алдымен 2 топ өздерін таныстырып шығады.
СЛАЙД-3 2 - Презентация бөлімі. «Ана тілі – жүректің терең сырларын , басынан кешкен дәуірлерін , қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп ,сақтап отыратын қазына» деп Ж. Аймауытовтың сөзін есімізге түсіріп, 1- Ана тілі туралы презентацияны бастаймыз
СЛАЙД-Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. 2-Қазақ тілі туралы презентация
СЛАЙД-3 бөлім. Кімде – кім қазіргі уақытта ана тілін ,өзінің әдебиетін сыйламаса , бағаламаса, оны сауатты , мәдениетті адам деп санауға болмайды ». деген М. Әуезов. Ал біз 3- Мәнерлеп өлең оқу бөлімімізді жалғастырамыз
Өнер алды – қызыл тіл
Ой толғаған сырлы тіл.
Қалауын тауып қаржаққан ,
Тас тілетін алмас тіл.
Сөз жүйесін тапқан тіл.
Сарайын ашып , сырын біл.
Тілім тарих қазынам,
Анашымның әлдиі.
Жарық дүние жазылған,
Ғұмырымның сан үйі.
Сенсіз
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>