Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Ана тілі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Пән: қазақ тілі
Сынып:5
Өткізілген күні:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Ана тілі.
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: Мемлекеттік тілді білу әр адамның парызы жайлы жайлы жалпы түсінік беріп, мәтіннің басты маңыздысын белгілеп, тапсырмалар арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашу, жаттығулар арқылы сөздік қорын байыту.
2) Дамытушылық: оқушылардың қазақша сауатты жазу, сөйлеу және мәнерлеп оқу дағдыларын бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын молайту.
3) Тәрбиелілік: Отанымызды, тілімізді, дінімізді құрметтеуге, басқа ұлт өкілдерімен ынтымақта болуға баулу.
Әдіс-тәсілдер: модульдік, ойын, деңгейлік оқыту технологияларының элементтері, әңгімелу, сұрақ-жауап, ойландыру, мәнерлеп оқу, қайталау, аударма.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, орыс тілі, ән-күй.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, «Не артық», «Мен білгішпін» ойындары.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың эпиграфы:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, -
Өз тіліңді құрметте! (Қ. Мырзалиев)
І Ұйымдастыру
Оқушылар өлең арқылы амандасады:
Білер қазақ баласы,
«Сәлем» сөздің анасы.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз!
Оқушылармен амандасу:
-Сәлеметсіздер ме!
-Бүгінгі сабақта сендерді бағалау үшін жауаптарыңа, жұмыстарыңа түрлі төртбұрыштар беріледі. Үздік жауапқа-көгі, жақсыға-жасылы, қанағаттанарлық жауапқа-сарысы. Сендерге тек көк төртбұрыштар легеді деп ойлаймын. Сендер өздерін бір-бірінді бағалайсыңдар.
«Ой шақыру»:
Балаларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою. «Мен білгішпін» ойыны

Салт-дәстүрлер:
1. Ұлттық ойындарды ата (Тоғызқұмалақ, алтыбақан, көкпар, қыз қуу, асық, аударыспақ )

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: