Қазақ тілі - МДДТ
Сабақтың тақырыбы: Көкөністер.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік : балаларды көкөністердің қазақша атауларын қазақ тілінде дұрыс атай білуге үйрету.
Дамытушылық: балалардың сөздік қорын байыту, сөйлемдегі сөз тәртібін сақтай білуге үйрету.
Тәрбиелік: балаларды тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс тәсілдері: түсінік беру, жұмбақтар жасыру, сұрақ жауап, сөздік ойын.
Көрнекіліктер: суреттер, әріптер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын айту.
ІІ. Өткен сабақты қайталау .
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Мынау не ? - Бұл - қияр. - Қияр жеміс пе? - Жоқ, қияр - көкөніс.
III Жаңа тақырып.
Мұғалім:
- Күзде нелер піседі ?
Балалар:
- Күзде қияр, қызанақ, қырыққабат, сәбіз, пияз, картоп, қызылша піседі.
- Қияр, қызанақ, қырыққабат, сәбіз, пияз, картоп, қызылша - бұл нелер?
- Қияр, қызанақ, қырыққабат, сәбіз, пияз, картоп, қызылша - бұлар көкөністер.
ІV. Дыбыстық жаттығулар.
- міс - міс - міс - жеміс - кө - кө - кө - көкөніс - ті - ті - ті - пісті - дек - дек - дек - жидек - тер - тер - тер - жидектер
V. Ойын "Қай әріптен басталады?"
Көрнекті суреттер арқылы сөздік жұмысын жүргізу, көкөніс атауларының қай әріптен басталатынын айтып, сол әріпті көрсету
- Мынау - қызанақ. "Қ" әрпімен басталады.
Қияр, қызылша, қырыққабат, сәбіз, пияз, картоп, қызанақ.
VI. Сергіту сәті. Көкөністер туралы бір шумақ өлең жолын таңдап алып, соған сәйкес қимылдар жасату.
VII. Жұмбақ жасыру.
Қабат қабат тоны бар, Кішкене ғана бойы бар. /қырыққабат/
Бойын жерге жасырған, Бұрымы бар жасылдан. / сәбіз/
Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылытады. /пияз/
VIII. "Қайталама" ойыны
Страницы: 1 | 2 > >>