Қазақ тілі-жарқын болашақ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Қазақ тілі-жарқын болашақ» олимпиадасы
Мақсаты: Оқуушыларға ана тілінің сөз құдіреттілігін, сөз өнерінің өміршеңдігін ұғындыру; қазақ тіліні жетік меңгеруге,мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға, ән өнерін құрметтеуге,туған жерінің тарихын ткркң меңгеруге, өзін-өзі ұстауға мәдениетіне тәрбиелеу; жан-жақтылығын,белсенділік қабілеттерін дамытып,шығармашылықтарын шыңдау.
Түрі:сайыс. Әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлепоқу, сахналық қойылым.
Пәнаралық байланыс. Қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, география.
Сайыс барысы:
Туған тілі, туған жері туған тарихы туралы ән-жырға қоспаған, тіліне етпеген ақын-жазушыларымыз кемде-кем шығар. Қазақ тілі- дүние жүзіндегі ең бай,беделді де бейнелі тілдердің бірі. Ұлы Абай «Өткірдің жүзі, кестенің бізі. Өрнегін сендей сала алмас» деп өз ана тіліне таңырқап, тағзым еткені белгілі. Шәкіртеріміздің ұлттық рухын биіктетіп, шығармашылығын шыңдап, дарындыны даралау мақсатында ұйымдастырылған «Қазақ тілі –жарқын болашақ» атты олимпиадасына қош келдіңіздер!
Жоспары:
«Сөз мәнері» бағыты / мәнерлеп оқу/ ;
«Тіл білімі» бағыты /сұрақ, тапсырмалар/;
«Әнші-бұлбұл» бағыты /қазақ әнін орындау/;
«Сахна саңлақтары» бағыты / сахналық қойылым көрсету/;
«Жас ғалым» бағыты /шығармашылық жұмыс/;
«Өлкетану» бағыты / туған жердің тарихымен таныстыру/;
Сайыстың ережесімен, өту барысымен және қазылар алқасымен таныстыру.
I. «Сөз мәнері» бағыты. Мақсаты: қазақ тілінде мәнерлеп оқуға машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, көркем шығармалардымәнерлеп,нақышына келтіріп оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге үйрету.
II. «Тіл білімі» бағыты. Бұл бағыт бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушыларымыздың білімін бағамдайтын боламыз.
Қазақ тілі пәнін тапсырмалар:
1. Бос орынды толтырыңыздар / 5ұпай/.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: