Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

аласқан. Қасиетті Түркістан қаласында 2000 жылы Н. Назарбаевтың пәрменімен Абылай ханның басына орнатылған құлпытасқа М. Жұмабаевтың:
Қиын күн туған алаш басына,
Шұбыртып жапанның сар даласына.
Күндерде сонау - қара топсырған ел.
Сол күнде ел қорғаған Абылайдың
Қылсаң да аз қанша тәуеп моласына,- деген өшпес өлеңі жазылған.
Тәуке хан тобы: М. Жұмабаев "Түркістан" деп аталатын әйгілі өлеңінде құқық жүйесін жүйелеу ісінің күрделі, қиын және маңызының тарихта зор болғанын былайша суреттейді:
Әділ хан аз болды Назардайын,
Алашқа Есімханның жолы дайын,
Тәукедей данышпан хан құрған екен,
Басында Құлтөбенің Құрылтайын.
Қ. Байболұлының "Төле бидің тарихы" деп аталатын әйгілі дастанында да "Жеті жарғы" туралы айтылады.
7. Іздеуші - оқушының рөлі тақырыптан тыс мәліметтер, деректер келтіру.
Абылай хан тобы: Абылай сонымен қатар күйші болды. Күйлері: "Ақ толқын", "Дүние қалды", "Қайрат елім", "Қоржын қақпай", "Майда жел", "Сары бура".
Абылай жетпіске келіп дүниеден өтер кезде Бұхар жырауды шақырыпты.
Сонда Бұхар жырау Абылайдан былай деп сұрапты: "Не арман - тілегіңіз бар" деген екен?. Жауабы: Абылай жыраулармен мақұлдаса келе, үш арманын айтқан екен:
1. Көп қан төгілді. Мен төкпесем, дұшпан менің қанымды төгетін болды.
2. Халқым жер емшегін еме алмады, қала кент салғызып үлгермедім.
3. Елдің басы бірікпеді, тентегі телесі көп болды.
Тәуке хан тобы: Ақылы асқан Әз - Тәуке хан бұл дүниеден өтер кезде: "Қазақтың ұраны бірлік" деп көзін жұмған екен.
Тәуке ханның елшісі, әрі кеңесшісінің бірі болған Қожаберген жырау "Жеті жарғының" пайда болуы - хақында былай дейді:
Шығайд

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: