Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка селосы "Благовещенка 2 орта мектебі" КММ
Кітапханашы: Каменова Айгүміс Қайсақызы
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

Тақырыбы: "Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл "
"Өз тарихын білмеген халық, өз тілін де сыйламайды"
Н. Ә. Назарбаев.
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Керей мен Жәнібек ханның билік саясатына түсінік беру.
Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта, музыкалық аспаптар, жиналмалы бетшелер.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс
I. Ұйымдастыру кезең /психологиялық дайындық/
II. Жаңа сабақ
III. Сұрақ-жауап
IV. Қорытынды
V. Бағалау
Жаңа сабақ: Армысыздар, құрметті оқушылар. Биылғы 2015 жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Қазақ хандығы - қазақтардың ХҮ және ХІХ ғасырлар аралығында қанат жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан - байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.
Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын
Сүйгенім қазақ, өмірі өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық
Арасын қоныс қылдым ірге жайып.
Елім, жерім қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім ен далада

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: