Сабақтың жоспары
Шақат орта мектебі.
Мұғалім: Аралов С. Б.
Пән: Қазақстан тарихы.
Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының басқару жүйесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХV-ХVІІІ ғасырдағы қазақ хандығының басқару жүйесін, ұлыстық құрылымын, әкімшілік-құқықтық нормаларының ерекшеліктерін көрсету. Сот жүйесі, салықтар мен міндеткерлік түрлері туралы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік: Туған халқына, Отанына, тарихи тұлғаларға елінің тарихи даму кезеңіне құрмет сезімін қалыптастыру, саяси-тарихи көзқарасын дұрыс қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту жаңа заман талабына сай теориялық білімді игеру және зерттеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап, тест.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, портреттер, кесте, карта, рефераттар, қосымша әдебиеттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Оқушыларды сабаққа дайындау, өтілу барысын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасы: ХV-ХVІІ ғ. қазақ хандығының тарихы.
1. Қазақ хандығының құрылуы.
2. Атақты хандар.
(Оқушылар «Ізденіс» тапсырмасы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланып, рефераттар жазып, қорғау. )
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жоспардың бірінші мәселесі:
ХV-ХVІ ғасырларда қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы жеті сатыдан қаланды. Басқару жүйесінде бұрыннан келе жатқан ру тайпаларды берік сақтады. (Интерактивті тақтаның көмегімен кесте арқылы баяндау)
Екінші мәселе: Қазақ ханының сайлану дәстүрі, «ханталапай», қазақ ханының мемлекеттік ішкі-сыртқы саяси құқығы, алым түрлерін оқулықтың көмегімен әрбір оқушы алдындағы оқулықты қолдану арқылы мағлұмат алады. Тақырыптағы негізгі мағлұматтарды баяндайды.
Үшінші мәселе: Қаз
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>