"Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды"
Н. Ә. Назарбаев
Сабақтың тақырыбы: "Қазақ хандығының құрылуы"
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау,
Интербелсенді тақтамен жұмыс барысын үйрету;
2. Жас буынның ата тарихын терең оқып білуге деген қажеттіліктерін қалыптастыру, шығармашылық ізденісінұштау арқылы ой қорыту машықтарын дамыту;
3. Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға, патриотизмге, өз Отанын, елін-жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: Презентация,интербелсенді тақтамен жұмыс, стикер, оқулық, карта, шар,СТО технолгиялары
Оқыту нәтижесі: Мәтінмен жұмыс жасауды біледі, өз бетінше деректер іздей алады, тарихи оқиғаларды салыстыра алады, өз ойларын ашық-еркін білдіре алады.
І Ұйымдастыру
1. Сабақты жақсы көңіл кұймен өткізу үшін тренинг өткізілді.
Шеңбер болып тұрып шар лақтыру арқылы бір-біріне тілектер айтылады.
2. Сыныпты екі топқа бөлеміз. Сурет қиындыларымен арқылы "Хандар" және "Билер тобы"
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Постер жасап және оны қорғайды.
ІІІ Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбын оқушылар есеп шығару арқылы ашты.
Жаңа сабақты топтастыру арқылы түсіндірдім
Қазақ хандығы құрылуы
1. Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтінді оқып ішінен негізгілерінің астын маркермен сызу керек.
Қай топ дайын, солар колдарын шапалақтау арқылы белгі береді.
Оқушылар бұл жерде өте белсенділік тагытты.
2. "Мәнді цифрлар"
Интербелсенді тақта
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>