Сабақтың тақырыбы: "Қазақ халқының ұлттық ойындары"!
Сабақтың мақсаты: Таңғажайып алаң ойыны арқылы, ұлттық ойындардың түрлерімен танысып, оның тарихын біліп, тәрбиелік мәнін түсіну және күнделікті өмірде жүзеге асыру.
Әр түрлі іс - қимылдарына байланысты ойын ішінде жаңа сөздерді пайдалану. Сөйлеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Арқан, алтыбақан макеті, орамал, сүйек, асық.
Кіріспе: Қазақ халқы - ұлттық ойындарға бай халықтардың бірі. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, тапқырлықты, табындылықты, күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің құрыштай шынығуын қажет етеді. Ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен. Олар өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.
Қазақтың ұлттық ойындары:
Жамбы Алтыбақан Күрес Көкпар Қыз қуу
Теңге салу Ақ сүйек Сайыс
Тоғыз құмалақ
Қазақтың қай ойыеы болса да айтыс, өлең - жырмен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға өрелі өнеге беріп, қатты әсер етеді.
Қазақтың ұлттық ойындары тек ойын - сауықтың жағынан ғана маңызды емес, ол - спорт, ол -өнер, ол - шаруашылық, тәжірбиелік маңызы бар тәрбие құралы.
1- тапсырма: Жастар бас қосып, өлең айтып, ән салып, әзіл - күлкімен әзіл айтысатн ойны түрі:
А
л
т
ы
б
а
қ
а
н
Алтыбақан - халқымыздың ұлттық ойын - сауығының бір түрі. Алтыбақанды үш-үштен екі тұсқа қадап, бастарын байлайды. Қатарлас байлаған екі арқанға қыз бен жігіт отырады. Қатарлас байлаған екі арқандағы қыз бен жігітті құрбылары тербетіп тұрады. Екі жас алтыбақанда тербеліп ән салады.
2-тапсырма.
Ерлікті, өжеттікті, батылдылықты, шапшаңдылықты, тапқырлықты қажет ететін қазақ халқының ұлттық ойыны:
Страницы: 1 | 2 > >>